Сайлауалды бағдарлама
Қордай ауданы · №11 округ

Нәкен
Айбек
Болатханұлы

№11 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат

Нәкен Айбек Болатханұлы

Баршаңызды 2026 жылдың 29 қарашасында сайлау учаскеңізге келіп, таңдау жасауға шақырамын!

–күн қалды

Жамбыл облысы, Меркі ауылында дүниеге келген, қазір Қордай ауданында тұрады. Бетқайнар ауылындағы колледжді есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылы аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде видеограф болып бастап, 2019 жылдан бері «Қордай шамшырағы» газетінің видеографы.

АШЫҚ АҚПАРАТ – АДАЛ ҚЫЗМЕТ!

Сайлауалды бағдарлама

1

Ауыл өмірін медиада көрсету

  • ауылдағы өзекті мәселелер мен жетістіктер туралы бейнесюжеттер дайындау
  • мәслихат шешімдері мен олардың орындалуы туралы тұрғындарға қолжетімді тілде ақпарат беру
2

Жастар шығармашылығы

  • жастарға арналған бейнетүсірілім және монтаж шеберлік сабақтарын қолдау
  • жас блогерлер мен шығармашыл топтардың бастамаларына демеу көрсету
3

Жаңа технологияларды үйрету

  • мектептер мен мәдениет үйлерінде цифрлық сауаттылық курстарын ашу бастамасын қолдау
  • егде жастағы тұрғындарға электрондық үкімет қызметтерін пайдалануды түсіндіру
4

Тұрғындармен онлайн байланыс

  • әлеуметтік желі арқылы тұрғындардың өтініштерін қабылдау
  • өтініштердің қаралу барысы туралы онлайн есеп беру
5

Мәдени және спорттық іс-шаралар

  • ауылдағы мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бастамаларын қолдау
  • іс-шараларды кеңінен насихаттап, тұрғындардың қатысуын арттыру
Негізгі мақсат

Ауыл өмірі мен тұрғындардың мәселелерін ашық көрсетіп, жастардың шығармашылығы мен цифрлық сауаттылығын дамытуға және халықпен тұрақты байланыс орнатуға ықпал ету.

Дайындаған: «Taraz24» ЖШС – Тараз24 телеарнасы. Мекенжайы: Тараз қ., Қарахан 2. Басылған жері: Тараз қ. Таралымы 100 дана. Тапсырыс беруші: №11 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат Нәкен Айбек Болатханұлы. Кандидаттың сайлау қорының қаражатынан қаржыландырылады.