Сайлауалды бағдарлама
Қордай ауданы · №7 округ

Сахат
Аида
Абурайрақызы

№7 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат

Сахат Аида Абурайрақызы

Баршаңызды 2026 жылдың 29 қарашасында сайлау учаскеңізге келіп, таңдау жасауға шақырамын!

–күн қалды

Қордай ауылында туып-өскен. Гуманитарлық-экономикалық колледжді қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2022 жылы аудандық әкімдікте хатшы болып бастап, 2024 жылдан бері Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының статисі.

ЖАС ҚАДАМ – ЖАҢА БЕЛЕС!

Сайлауалды бағдарлама

1

Жас мамандарға қолдау

  • ауылға келген жас мамандарға арналған қолдау шараларын түсіндіру
  • жас мамандардың баспана мәселесін көтеру
2

Жастардың бос уақыты

  • жастарға арналған мәдени және спорттық іс-шараларды қолдау
  • ауылда жастар кеңістігін ашу бастамасын көтеру
3

Әлеуметтік көмектің қолжетімділігі

  • әлеуметтік көмек алу тәртібін тұрғындарға қарапайым тілмен түсіндіру
  • құжат рәсімдеудегі кедергілер туралы өтініштерді жеткізу
4

Қаржылық сауаттылық

  • тұрғындармен несие, алаяқтық және отбасы бюджеті туралы кездесулер ұйымдастыру
  • мектептерде қаржылық сауаттылық сабақтарын өткізу бастамасын қолдау
5

Тұрғындарға ашық әкімдік

  • әкімдік жұмысы туралы тұрғындарға ақпарат жеткізуді қолдау
  • өтініштердің қаралу мерзімін бақылау
Негізгі мақсат

Жас мамандар мен ауыл жастарына қолдау көрсетіп, әлеуметтік көмектің қолжетімді болуына, тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруға және әкімдік жұмысының ашықтығына ықпал ету.

Дайындаған: «Taraz24» ЖШС – Тараз24 телеарнасы. Мекенжайы: Тараз қ., Қарахан 2. Басылған жері: Тараз қ. Таралымы 100 дана. Тапсырыс беруші: №7 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат Сахат Аида Абурайрақызы. Кандидаттың сайлау қорының қаражатынан қаржыландырылады.