Сайлауалды бағдарлама
Қордай ауданы · №8 округ

Дюсебай
Айдана
Қанатқызы

№8 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат

Дюсебай Айдана Қанатқызы

Баршаңызды 2026 жылдың 29 қарашасында сайлау учаскеңізге келіп, таңдау жасауға шақырамын!

–күн қалды

Қордай ауылында туып-өскен. Профессор Руззуддинов атындағы стоматологиялық колледжді бітіріп, еңбек жолын «Медет плюс» медициналық орталығында медбике болып бастаған. 2024 жылдан бері Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының статисі, тұрғындардың күнделікті мұқтажын жақсы біледі.

ДЕНСАУЛЫҚ – ЗОР БАЙЛЫҚ!

Сайлауалды бағдарлама

1

Медициналық көмектің қолжетімділігі

  • емхана мен фельдшерлік пункттердегі кезек пен маман тапшылығы мәселесін көтеру
  • дәрі-дәрмекпен қамту және жедел жәрдем жұмысын бақылауда ұстау
2

Салауатты өмір салты

  • тегін медициналық тексерулер мен скринингтер туралы тұрғындарға түсіндіру
  • ауладағы спорт алаңдары мен жүгіру жолдарын салу бастамаларын қолдау
3

Күнделікті мәселелерді шешу

  • көше жарығы, жол және ауызсу бойынша өтініштерді тиісті органдарға жеткізу
  • өтініштердің қаралу мерзімін қадағалап, тұрғындарға нәтижесін хабарлау
4

Жастардың белсенділігі

  • еріктілер қозғалысы мен жастар бастамаларын қолдау
  • жастарды ауыл өміріне қатысты шешімдерді талқылауға тарту
5

Өңір дамуына үлес

  • ауылды абаттандыру жобаларына тұрғындардың ұсыныстарын енгізу
  • округтегі әлеуметтік нысандардың жай-күйін тұрақты тексеру
Негізгі мақсат

Тұрғындар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастардың белсенділігін қолдауға ықпал ету.

Дайындаған: «Taraz24» ЖШС – Тараз24 телеарнасы. Мекенжайы: Тараз қ., Қарахан 2. Басылған жері: Тараз қ. Таралымы 100 дана. Тапсырыс беруші: №8 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат Дюсебай Айдана Қанатқызы. Кандидаттың сайлау қорының қаражатынан қаржыландырылады.