Сайлауалды бағдарлама
Қордай ауданы · №12 округ

Жұмаділ
Ақәділ
Нұрланұлы

№12 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат

Жұмаділ Ақәділ Нұрланұлы

Баршаңызды 2026 жылдың 29 қарашасында сайлау учаскеңізге келіп, таңдау жасауға шақырамын!

–күн қалды

Сұлутөр ауылында туып-өскен. Еуразиялық агротехникалық колледжді ветеринария, Абай атындағы ҚазҰПУ-ды дене тәрбиесі мамандығы бойынша бітірген. 2021–2025 жылдары Талғат Бигелдинов атындағы мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып, 2025 жылдан бері мал шаруашылығы саласында кәсіпкерлікпен айналысады.

ШЫНЫҚҚАН ҰРПАҚ – ШЫНАЙЫ БАЙЛЫҚ!

Сайлауалды бағдарлама

1

Бұқаралық және балалар спорты

  • ауыл балаларына арналған тегін спорт секцияларын ашу бастамасын қолдау
  • ауылдар арасындағы спорт жарыстарын тұрақты өткізуге ықпал ету
2

Спорт инфрақұрылымы

  • мектеп спорт залдары мен ауыл стадиондарын жөндеу мәселесін көтеру
  • ашық спорт алаңдары мен жаттығу құралдарын орнату бастамаларын қолдау
3

Ауыл жастарына қолдау

  • жастардың бос уақытын спорт пен шығармашылыққа бағыттайтын жобаларды қолдау
  • жастарға жұмыспен қамту және кәсіп бастау бағдарламаларын түсіндіру
4

Салауатты өмір салты

  • жалпы жүгіру, велосипед және отбасылық спорт шараларын насихаттау
  • зиянды әдеттердің алдын алу бойынша мектептерде кездесулер ұйымдастыруға ықпал ету
5

Мал шаруашылығы

  • ветеринарлық қызмет пен малды егудің уақтылы жүргізілуін бақылау
  • шаруаларға мал шаруашылығын қолдау шараларын түсіндіру
Негізгі мақсат

Бұқаралық және балалар спортын дамытып, ауыл жастарын салауатты өмірге баулуға және мал шаруашылығын қолдауға ықпал ету.

Дайындаған: «Taraz24» ЖШС – Тараз24 телеарнасы. Мекенжайы: Тараз қ., Қарахан 2. Басылған жері: Тараз қ. Таралымы 100 дана. Тапсырыс беруші: №12 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат Жұмаділ Ақәділ Нұрланұлы. Кандидаттың сайлау қорының қаражатынан қаржыландырылады.