Сайлауалды бағдарлама
Қордай ауданы · №17 округ

Әуел
Бақытжан
Рысбекұлы

№17 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат

Әуел Бақытжан Рысбекұлы

Баршаңызды 2026 жылдың 29 қарашасында сайлау учаскеңізге келіп, таңдау жасауға шақырамын!

–күн қалды

Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылында туып-өскен. Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылындағы ветеринарлық колледжді бітірген. Еңбек жолын Сарыбұлақ ауылдық округінде ветеринар болып бастап, 2025 жылдан бері округтегі ветеринарлық пунктті басқарады.

САУ МАЛ – БЕРЕКЕЛІ ШАРУА!

Сайлауалды бағдарлама

1

Ветеринарлық қызмет

  • ветеринарлық пункттерді қажетті құрал-жабдықпен қамту мәселесін көтеру
  • ветеринарлық қызметтің ауыл тұрғындарына қолжетімділігін бақылау
2

Мал басының саулығы

  • жоспарлы егу мен дауалаудың уақтылы өткізілуін қадағалау
  • жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын қолдау
3

Шаруаларға кеңес

  • мал иелеріне күтім, азықтандыру және ауру белгілері бойынша кеңес беру
  • малды бірдейлендіру және есепке қою тәртібін түсіндіру
4

Мал шаруашылығына қолдау

  • мал өсірушілерге арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру
  • мал бордақылау және өнім өткізу бастамаларын қолдау
5

Ауыл жастарын жұмыспен қамту

  • жастарды ветеринария мен аграрлық мамандықтарға баулу бастамаларын қолдау
  • ауылда жастарға жұмыс орнын ашатын жобаларды қолдау
Негізгі мақсат

Мал басының саулығын қорғап, ветеринарлық қызметтің шаруаларға жақын әрі сапалы болуына және ауыл жастарының жұмыспен қамтылуына ықпал ету.

Дайындаған: «Taraz24» ЖШС – Тараз24 телеарнасы. Мекенжайы: Тараз қ., Қарахан 2. Басылған жері: Тараз қ. Таралымы 100 дана. Тапсырыс беруші: №17 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат Әуел Бақытжан Рысбекұлы. Кандидаттың сайлау қорының қаражатынан қаржыландырылады.