Сайлауалды бағдарлама
Қордай ауданы · №11 округ

Жумабай
Нұрсауле
Жасарсұқызы

№11 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат

Жумабай Нұрсауле Жасарсұқызы

Баршаңызды 2026 жылдың 29 қарашасында сайлау учаскеңізге келіп, таңдау жасауға шақырамын!

–күн қалды

Жамбыл ауылында туып-өскен, қазір Қордай ауылында тұрады. «Тұран-Астана» университетін аударма ісі мамандығы бойынша бітірген. 2026 жылдан бері Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының статисі.

ЖАС БУЫН – ЖАҢА ЛЕП!

Сайлауалды бағдарлама

1

Ауылдық аумақтарды дамыту

  • ауылдағы жол, жарық және ауызсу мәселелері бойынша өтініштерді жеткізу
  • ауылды абаттандыру жобаларына жастардың ұсыныстарын енгізу
2

Жастарға қолдау

  • жастар бастамалары мен еріктілер жобаларын қолдау
  • жастарға арналған оқу гранттары мен жұмыс орындары туралы ақпарат тарату
3

Әлеуметтік маңызды мәселелер

  • тұрғындардың әлеуметтік көмекке қатысты өтініштерін тиісті органдарға жеткізу
  • өтініштердің уақтылы қаралуын қадағалау
4

Тіл үйрену курстары

  • тұрғындарға арналған тегін мемлекеттік және шет тілі курстарын ашу бастамасын қолдау
  • мәдениет үйлері мен кітапханаларда тілдік клубтар ұйымдастыруға ықпал ету
5

Жас отбасыларға қолдау

  • жас отбасыларға тұрғын үй бағдарламаларын түсіндіру
  • балабақшадағы орын кезегі мәселесін көтеру
Негізгі мақсат

Жас буынның үнін аудандық мәслихатқа жеткізіп, ауылдық аумақтардың дамуына, жастар мен жас отбасыларды қолдауға ықпал ету.

Дайындаған: «Taraz24» ЖШС – Тараз24 телеарнасы. Мекенжайы: Тараз қ., Қарахан 2. Басылған жері: Тараз қ. Таралымы 100 дана. Тапсырыс беруші: №11 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат Жумабай Нұрсауле Жасарсұқызы. Кандидаттың сайлау қорының қаражатынан қаржыландырылады.