Сайлауалды бағдарлама
Қордай ауданы · №11 округ

Сабыр
Ұлан
Нұрланұлы

№11 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидат

Сабыр Ұлан Нұрланұлы

Баршаңызды 2026 жылдың 29 қарашасында сайлау учаскеңізге келіп, таңдау жасауға шақырамын!

–күн қалды

Аухатты ауылында дүниеге келген, қазір Қордай ауылында тұрады. Сүлейман Демирел атындағы колледжді маркетолог мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы «АКМ» серіктестігі мен «Ұлан» шаруа қожалығын құрып, бүгінге дейін басқарып келеді.

ЖАС ЖІГЕР – НАҚТЫ ЖОБА!

Сайлауалды бағдарлама

1

Құрылыс пен кәсіпкерлік

  • жас кәсіпкерлердің бизнес бастаудағы қиындықтарын мәслихатта көтеру
  • жергілікті мердігерлердің аудандық жобаларға қатысуын қолдау
2

Жол жөндеу және абаттандыру

  • жөндеуді қажет ететін көшелердің тізімін тұрғындармен бірге жасау
  • абаттандыру жұмыстарының сапасы мен мерзімін қадағалау
3

Әлеуметтік нысандар

  • ауылдағы спорт алаңдары мен балалар ойын алаңдарын салу бастамаларын қолдау
  • әлеуметтік нысандардың жай-күйі бойынша өтініштерді жеткізу
4

Ауданға инвестиция тарту

  • аудандағы инвестициялық мүмкіндіктерді таныстыру іс-шараларын қолдау
  • инвесторлармен жұмыстың ашықтығын талап ету
5

Жастарды жұмыспен қамту

  • жастарға арналған кәсіпкерлік гранттар мен оқу курстарын насихаттау
  • жергілікті кәсіпорындарда жастар практикасын ұйымдастыруға ықпал ету
Негізгі мақсат

Жас кәсіпкер ретінде құрылыс, абаттандыру және инвестиция тарту бастамаларын қолдап, ауыл жастарына жаңа жұмыс мүмкіндіктерін ашуға ықпал ету.

Дайындаған: «Taraz24» ЖШС – Тараз24 телеарнасы. Мекенжайы: Тараз қ., Қарахан 2. Басылған жері: Тараз қ. Таралымы 100 дана. Тапсырыс беруші: №11 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидат Сабыр Ұлан Нұрланұлы. Кандидаттың сайлау қорының қаражатынан қаржыландырылады.