Сайлауалды бағдарлама
Қордай ауданы · №10 округ

Мавшан
Закир
Дыдырович

№10 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат

Мавшан Закир Дыдырович

Баршаңызды 2026 жылдың 29 қарашасында сайлау учаскеңізге келіп, таңдау жасауға шақырамын!

–күн қалды

Сортөбе ауылында туып-өскен. Бішкек аграрлық университетін агроном мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылдан бері «Мавшан» шаруа қожалығын басқарып, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің мұқтажын іс жүзінде біледі.

ЕГІНДІ ЖЕР – БЕРЕКЕЛІ ЕЛ!

Сайлауалды бағдарлама

1

Ауыл шаруашылығын дамыту

  • агрономиялық кеңес беру және жаңа технологияларды тәжірибеде көрсету
  • ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу мүмкіндіктерін түсіндіру
2

Фермерлерге қолдау

  • субсидия алудағы кешігу мен кедергілерді мәслихатта көтеру
  • шағын қожалықтарға қолдау шараларына қол жеткізуге көмектесу
3

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту

  • маусымдық жұмыстарға жергілікті тұрғындарды тартуды қолдау
  • ауыл жастарына агрокәсіп бойынша оқу мүмкіндіктерін түсіндіру
4

Суармалы жерді тиімді пайдалану

  • суару арықтары мен каналдарды тазарту және жөндеу мәселесін көтеру
  • су бөлудің әділдігі мен кестесін бақылауда ұстау
5

Өнім өткізуге көмек

  • ауылшаруашылық жәрмеңкелерін тұрақты өткізу бастамаларын қолдау
  • өнімді сақтау және қайта өңдеу орындарын ашу мәселесін қозғау
Негізгі мақсат

Фермерлердің мәселесін аудандық мәслихатқа жеткізіп, ауыл шаруашылығының дамуына, жерді тиімді пайдалануға және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуына ықпал ету.

Дайындаған: «Taraz24» ЖШС – Тараз24 телеарнасы. Мекенжайы: Тараз қ., Қарахан 2. Басылған жері: Тараз қ. Таралымы 100 дана. Тапсырыс беруші: №10 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат Мавшан Закир Дыдырович. Кандидаттың сайлау қорының қаражатынан қаржыландырылады.