Сайлауалды бағдарлама
Қордай ауданы · №9 округ

Караджанов
Жандос
Найманбаевич

№9 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына «Республика» партиясынан ұсынылған кандидат

Караджанов Жандос Найманбаевич

Баршаңызды 2026 жылдың 29 қарашасында сайлау учаскеңізге келіп, таңдау жасауға шақырамын!

–күн қалды

Түрікменстанның Дарғанат ауданы, Газожак ауылында дүниеге келген, қазір Қордай ауылында тұрады. «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжін құқық мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы «Караджанов» серіктестігін құрып, бүгінге дейін басқарып келеді.

ЖАҢА КӨЗҚАРАС – ЖАҢА МҮМКІНДІК!

Сайлауалды бағдарлама

1

Құрылыс пен кәсіпкерлік

  • жер телімдері мен құрылысқа рұқсат алудағы кедергілерді мәслихатта көтеру
  • жергілікті құрылыс компанияларының мемлекеттік сатып алуларға қатысуын қолдау
2

Жол жөндеу және абаттандыру

  • ішкі көшелердің жөндеу кезегін тұрғындармен бірге анықтау
  • жол жөндеу жұмыстарының сапасын қоғамдық бақылауға алу
3

Әлеуметтік нысандар

  • мектеп, балабақша және медициналық пункттердің жай-күйін тексеру
  • жаңа әлеуметтік нысандар салу қажеттілігін аудан деңгейінде көтеру
4

Инвестиция тарту

  • инвесторларға арналған бос жер мен алаңдар туралы ақпараттың ашықтығын талап ету
  • округке жаңа өндіріс ашу бастамаларын қолдау
5

Жаңа жұмыс орындары

  • жаңа жобаларда жергілікті тұрғындарды жұмысқа алуды қадағалау
  • жұмыссыз азаматтарға жұмыспен қамту бағдарламаларын түсіндіру
Негізгі мақсат

Құрылыс пен кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту арқылы округ ауылдарының инфрақұрылымын жақсартуға және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету.

Дайындаған: «Taraz24» ЖШС – Тараз24 телеарнасы. Мекенжайы: Тараз қ., Қарахан 2. Басылған жері: Тараз қ. Таралымы 100 дана. Тапсырыс беруші: №9 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына «Республика» партиясынан ұсынылған кандидат Караджанов Жандос Найманбаевич. Кандидаттың сайлау қорының қаражатынан қаржыландырылады.